• Тіл
  • 24 Мамыр, 2012

«Мың өліп, мың тірілген» гагауз тілі

Әлемде түркі тілдерінің бірі саналатын гагауз тілі туралы білесіз бе? Көпшіліктің гагауз халқынан хабары болғанымен оның тілі жайында жете білмейтінін байқадық. Гагауз тілі түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Гагауздар бүгінде Болгария, Бразилия, Канада, Түркия, Ресей, Румыния, Өзбекстан, Түрікменстан, Латвия, Белоруссия, Латвия, Эстония, Грузия, Қазақстан сынды ірі мемлекеттерде өмір сүреді. Әсіресе, Ресей елінде бұл халықтың саны басым. Соның ішінде Балқан түбегіндегі гагауз халықтары екі топқа бөлінеді екен. Олар – хасыл гагауздар (нағыз гагауздар) және болгарлық гагауздар. Гагауздар XIX ғасырда христиан дінін қабылдаған. Бір қызығы сол кезеңде әйелдер жеңсіз көйлекті алжапқышпен киіп, бастарына үлкен қара орамал тағып жүрген. Түрлі-түсті тастармен әдіптелген әшекейлер гагауз әйелдерінің көркін ашатын бұйымдарына айналған. Ал ерлері болса қызыл белдік пен ұзын шалбар, бастарына қалпақ киіп жүрген деседі. Гагауздардың негізгі бөлігі Молдавия­ның «Буджак» деп аталатын тарихи атауға ие аймағында қоныстанған. Жалпы, гагауз халқының тілі – гагауз тілі. XIV-XVI ғасыр­ларда бұл ел румын, грек, оңтүстік және солтүстік славян халықтарына сіңісіп, сол халықтың тілін қолданысқа енгізген. Cол тұста, яғни XX ғасырдың орта шенінде гагауз тілі жоғалып та кете жаздаған. Орыс графикасының негізінде 1957 жылы жаңа әліпбиі дүниеге келген. Алайда 1958-1961 жылдары гагауздар мекен еткен өңілердегі мектептер гагауз тіліне көшкенімен, бұл әліпбиді меңгеру жергілікті халық үшін қиынға соқты. Содан соң ел орыс тіліне қайта көшті. Арада біраз уақыт гагауздар өз тілінде сөйлемей, орыс тілін ғана қолдан­ды. Бірақ гагауз тілінің жанашырларының арқасында 1989 жылы гагауз әліпбиі қай­тадан өмірге келіп, біртіндеп қолданыс аясы кеңейе түсті. Осыған қарап-ақ гагауз тілін «мың өліп, мың тірілген тіл» деуге болар. Бүгінгі гагауз әліпбиінің таңбалары латын әліпбиіне негізделген. Түбі бір түркі халқының тармағы бол­ғандықтан гагауз тіліндегі сөздердің қазақ тіліндегі сөздерге де көбірек ұқ­сайтынын байқауға болады: Гагаузша: Қазақ тілінде: Діл Тіл Халк Халық Онын Оның Ічін Ішін (заттың ішін) Ана Ана Иыл Жыл Әдет Әдет Созлук Сөздік Жана Жаңа Йакын Ақын Из Із Юлдыз Жұлдыз Дунне Дүние Ғаламтордан дайындаған А. ҚОЖАҚОВА

7168 рет

көрсетілді

107

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы