• Әдебиет
  • 07 Желтоқсан, 2012

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

Жуырда Астанадағы Назарбаев универси­тетінде Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсететін «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыбына арналған «Бірінші Назарбаев оқулары» халықаралық форумы болып өтті. Форумға Австралия, Әзірбайжан, Ұлыбритания, Германия, Венгрия, Италия, Испания, Қырғызстан, Ресей, Румыния, Сингапур, АҚШ, Франция, тағы басқа да 51 елдің белгілі ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.  Алқалы жиында Қазақстан Республикасы­ның ЮНЕСКО-дағы өкілі Олжас Сүлейменов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев, Румынияның экс-президенті Эмиль Конс­тантинеску, Хорватияның экс-президенті Степан Месич, Еуропа кеңесінің бұрынғы Бас хатшысы Вальтер Швиммер, Орталық Азия және Кавказ ғылыми-зерттеу институтының атқарушы директоры Тецуджи Танака, Түркия Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері Намык Кемал Зейбек сынды танымал тұлғалар сөз сөйледі. Олар еліміздің жетістіктеріне талдау жасап, Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары баға берді. Еліміздің сыртқы саясатының қалыптасуы, Елбасымыздың сыртқы саясаттағы стратегиясы жайында өз пікірлерін білдірді. Форумда жастар саясаты, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының нәтижелері, елдегі жас ғылымдардың жағдайы мен келешегін, «Жас Отан» Жастар қанатының стратегиясы назардан тыс қалмады. Жиынды «Бірінші Назарбаев оқулары» пленарлық сессиясының бағдарламасы бойынша «Назарбаев орта­лығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев кіріспе сөз сөйлеп ашты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед алғаш тәуелсіздік алған жылдарға шолу жасап, бүгінгі әлем таныған Қазақстан туралы ой өрбітті. – «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктері еліміздің негізін салып, оны дамудың бүгінгі биігіне жеткізген Елбасының есімімен байланысты. Америкалықтарда әлдеқашан тұрақты тіркеске айналып кеткен мынадай ұғым бар – «Негіз қалаушы әкелер» – «Founding Fathers». Сіздер бұл ұғымның шығу төркіні­не себепкер болған АҚШ-тың мемлекет қайраткерлерін жақсы білесіздер. Олар – елдің бірінші президенті Джордж Вашингтон, АҚШ-тың Тәуелсіздік декларация­сының авторы және үшінші президенті Томас Джефферсон, АҚШ-тың Конституциясын жасаған әрі төртінші президенті Джеймс Мэдисон, сондай-ақ америкалық қаржы-банк жүйесінің ав­торларының бірі Александр Гамильтон. Назарбаев университетінің мінбесінде оларды не үшін санамалап тұрғанымды көпшілігіңіз түсінген боларсыздар. Иә, әрине, барлық қазақстандықтар үшін еш әсірелеусіз-ақ, Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның «Негіз қалаушы әкесі» болып табылады» деді. Ал Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов өз баяндамасында Елбасы жетекшілігімен еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық даму жолын бастап, ХХІ ғасырдағы көшбастаушы мемлекеттердің қатарына қосылғанын сөз етті. Форумда шетелдік және отандық мемлекет, қоғам қайраткерлері, ғалымдар ­«Назарбаев феномені» туралы, Қазақстандағы демократия, мемлекет ішіндегі тұрақтылық, Астана феномені, Қазақстанның космос саласы, ­Президент Н.Ә.Назарбаевтың планета деңгейіндегі бас­тамалары жайында әңгіме өрбітіп, пікір алмасты. Форумда ынтымақтастық пен бейбітшілік, ортақ құндылықтар, Қазақстанның инновациялық дамуы сияқты бірқатар мәселелер ортаға салынды. ТМД және Еуропа елдерінің көрнекті ғалымдары баяндама оқыды. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы

6841 рет

көрсетілді

55

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8361

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6830

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4579

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3960

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3927

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3886

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3616

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3614

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы