• Әдебиет
  • 22 Желтоқсан, 2012

«Қарқаралы» дәптерінен

ТобаяковБақытжан Тобаяқов *** Беу, Атамекен, ауаңмен тыныстадым, Сенде ұқтым береке, ырыс барын. Қарқаралы, Кент тауы жайлаған дүр, Қаракесек, Қарашор туысқаным. Келіп жеттім Қарқара бауырына, Қазағымның кең қолтық қауымына. Қарағайлар сыңсыған қайыңымен Қасқайып тұр жынысты тауы мына. «Шахтер» атты демалыс орны осында, Қоныс тептім қонақжай мол қосынға. Бақшасарай баулары, бақшалары, Ризамын мен әкелген сол дос ұлға. Аңғарында қос таудың Самал көлі, Табиғаттың көркіне алаң төлі. Ұлылықпен тосылмай ұласқандай Сұлулықпен осындай балаң телі. Сауырында шайқаған сайхан сері, Таудың ұшар басында Шайтан көлі. Тостағандай мөлдіреп зер зеренді, Аңыздарын әфсана айтам бері. Жүндес төстей мүк басқан бас тастары-ай, Асу белін асқақты аспас талай. ...Жортып жүрген жоныңмен осы жолым, Қасым ақын тойымен астасқаны-ай! *** Табиғаттың қарашы жарасымын, Тау біткенге жиғандай бар асылын. Оймақтайын өрнекті Һауыз көлі Таңдап алған Қарқара дара шаңын. Аумағы да шағындау шаршы алаңдай, Жаяу жалғыз басына барса қандай. Жақпар тастар жан-жақтан қатарланып, Төрт қарауыл төрт жақтан қоршағандай. Һауыз көлім, армандай Һауыз көлім, Қандырдың ғой ақынның ауыз шөлін. ...Өрмелеп бір сол көлге шықсаң шіркін Қалдырғандай боласың тау із сөлін. Уа, дариға, табиғат арда сынды, Жаратқан ғой дүние нар Қасымды. Тауларымен егіздей болған ақын Аттап өтер заманауи бар ғасырды! *** О, Самал көлім, Айдынды ақ һауызым, Ақын деген арманның тапты-ау ізін. Анау саған шүйілген «арыстан бас», Көлеңкесі бетіңде жатты-ау ұзын. Бүркіттердің ұясы ұшар баста, Жемтіктерін екеулеп қысар тасқа. Қасымды да қаскөйлер қан қақсатты, Ер жігіттің аяғы тұса алмас па. Іздеп жүрмін ағаның сайдақ жолын, Сана сертке сырларын сайлап толым. Баспанамен зарлатып Бас ақынды, Бағын ашпай серінің байлап қолын. Содан да мен кеземін тауын, тасын, Қолын алып Қасымның ауылдасын. Жаңғырып бір жаһанға Қасым әні, Дабылындай елімнің дауылдасын. «Паровозик» тауы да көлге еңкейді, Аңғарда ескен самал да желкемдейді. ...Қасым сүйген әрбір жер, әр мекенді Ұрпақтары өркенді өлкем дейді. *** Тамаша таулы өлкеде таң атырдым, Түбінде тас «арыстан аң батырдың». Ғажайып қоршаған тау, Самал көлі, Куәсі мыңжылдықтың, сан ғасырдың. Тамаша таңы қандай қызыларай, Бозторғай әні сондай сызылады-ай. Самал көл таң самалмен иірімдеп, Көл беті үйрек жүзіп құжынады-ай. Жалғаны-ай, ғұмыр деген ұлы керуен, Арманы-ай бар ма жанның мұны көрген. Ашады қойнауын тау шежірелі, Асады әрбір тастың құны зерден. Айналдым асыл өлкем, абат жерден, Байландым саған тастай қабат белден. Қыздарға қырмызыдай гүл сыйлаған, Ұлдарға ұшам деген қанат берген. Сол ұлдың бірі болған Қасым ақын, Жаулардан жасқанбаған жасын ақын. Дегбірін санасыздың қашыратын, Табиғат таланымен тасынатын. О, Қасым, сәлем саған Астанадан, Бүгінгі жас қаладан, бас қаладан. Керуенді көшең сенің бастағандай, Қорлықты көріп едің баспанадан. Туған ел сені естен шығармайды, Жырларың сертке таққан тұмардай-ды. Қыздарың алақанда аяламай, Ұлдарың көкке өрлетпей тұра алмайды... *** Қайран Қасым, Ұрпағың қалай ойланбасын. Сақсырыңа шөлмектеп қан толса да Сағың сынбаған сардардансың. Ар мен ұжданды Жаныңнан да биік қойып, Тақтағыларға баруға арланғансың. Өзіңді аңсаттырған, Талайды тамсанттырған Тірлікті кейінгілер армандар шын! Қайран Қасым, Мына дүние дүрмекке байланғасын, Өтірік расқа Әңгүдік басқа айналған шын! Қайран Қасым, Жүректің сен түбінде қайнардансың. Қазақтың аз сендей арыстары, Азулы арыстаны, Өлеңнің падишасы, данышпаны. Ғажайып ғаламыңмен Ғаламшар, ғарыштағы Орбитаға ендігі айналғансың! Қайран Қасым, Қайран Қасым... *** «Пионер» шыңы қасқайып қарсы алдымда Тұр зорайып, жаңғыртып жар салдым да. Қарқаралы тауының қаламқасы, Барқадарлы бауының қолаң шашы, Тамылжытып күй шерттім тамсандым да. Тауымдай Қарқаралы бар ма заңғар, Қауымдай шартарабын шарлаған бар. Көрем деген көбінен ұтылады, Қарқаралы жеріне бармағандар. Бұл өңірдің заты да нәті бөлек, Атағайсың ауылын, атын ерек. Апайтөсті ұлдары, гүл қыздары, Алғыр өскен оғланның хаты зерек. Атайды олар Қасымын қастерлеп тек, Әр өлеңін, әндерін дәстерлеп бек. Ұясынан ұшады зәулім көкке, Қасым сынды қырандар әскерлеп лек. Аршынды әр қадамы жас ұрпақтың, Аясында түлеген Қасым бақтың. ...Талмай іздеп өзіндей тау мүсінді, Қасымның Қарқарада тасын таптым. *** Тауда тудым, Тауда өстім, тау шыңым, Алар болсаң берерімді алшы мың. Қасекең де Кент тауының перзенті, Мұраларын мұрағаттан аршыдым. Қасым – ақын, Қасым – ағам, Қасекем, Мына өмірден ерте кеткен жас екен. Ғайыптан ол ортамызға кеп түссе, Ақын біткен адамзаттың басы етем. Қасым – ақын, Қасым – ақыл, Қасым – дүр, Қарашы өзің жан-жағыңа жасыл нұр. Жар салады, Қарсы алады өзіңді Еміренген, Тебіренген тасың бір. Қасым – асыл, Қасым – жасын, нажағай, Қарашы енді айналаңа ғажап-ай. Сай-салада жаңғырып тұр әндерің, Шарықтатқан ұрпағың-ай, қазақ-ай. ...Пай-пай, шіркін, тасығанда алашым, Қосып жатыр Алтай-Атырау арасын. Тосып жатыр Қасым досын, бауырын, Топырағында тебіреніп нағашым. *** Ұмытпаймыз салт-дәстүрін әр елдің, Туыстаймыз алтын адам бәрелдің. Алабөтен таң атарда түсті еске Туған күні екен ағам Жәлелдің. Жәлел деген Әлем еді өзіндік, Ол өлгенде қайғы жедік, езілдік. Айтушы едік бірге Қаскең әндерін, Бірге оқып өлеңдерін көз ілдік. Нағашым деп мақтанушы еді Қасыммен, Бөлек туған, Ерек туған асылмен. Арманы еді мыңжылдықты қарсы алу, Амандаспай кетті жаңа ғасырмен. Жамбыл, Жәлел – қос жұлдыздай ғарышта, Ақбозат пен Көкбозаттай алыста. Жеткізіңдер бізден сәлем Қаскеңе, Ектіңіздер дәнді дәммен танысқа. Қайран Жәкем, Сайран менің Жәлекем, Өмірлерін еске алсақ сән екен. «Дариға-қыз» шырқаушы еді екеулеп, Қасекеңнің жұртта қалған қаны екен. Қарқаралы атажұртым, аяулым, Сеніменен көркейемін, баянмын. Қос Жәкең мен Қасым сенде түске еніп, Болды сөйтіп Алла берген аянның... *** Арнайды ұрпақ ән менен жыр Қасымға, Құдіреті тұла бой тұлғасында. Мың жасайды қалдырған мол мұрасы, Қасым ақын туады бір ғасырда. Әуелетті аспанда Қасым әні, Өлең-өзен өр таудан тасымағы. Иттер қауып жан-жақтан жатса талап, Қасым ақын сынбады, жасымады. Сенді жұртқа, ақ адал достарына, Төзді тағдыр қамшыға оспағына. Шашты нұрды, алау гүл туған елге, Сүрген жоқ өз өмірін босқа мына. Кесіп айтты өз сөзін кескен ердей, Есті елі тереңін ескерердей. Жалт-жұлт етті нажағай жасындай боп, Қас дұшпаны сұсынан сескенердей. Қасым ақын ғасырдан аттап келер, Жас ұрпағы жырларын жаттап өнер. ...Қынабынан қылыштай суырылған, Шын таланттар өнерін ақтап өлер! *** Шайтанкөлім, Шайтанкөлім, Сеніменен байтақ елім. Сендей сұлу айдынымды Мақтанышпен айтар керім. Балдырыңды, тағдырыңды, Аңызыңды, сан қырыңды Тұщынып мен қайтар едім. Шайтанкөлім, Шайтанкөлім. Сенде қалған арудың қарқарасы, Оған болған жігіттің бар таласы. Содан бетер тауымыз Қарқаралы Атаныпты саңғырған сай-саласы. Қарқаралы, Шайтанкөл егіздейін, Тебірендім көргеннен теңіздейін. Шартарапты шарласам, шарқ ұрсам да, Айдынды көл, ару қыз... сені іздеймін. Шайтанкөлім, Шайтанкөлім, Шалқыдым, Сені көріп алқындым да балқыдым. Үйленудің кәдесі көп, салты мың, Сенде өткіздім махаббаттың бал түнін. Жастарыңа сыйлап сыр мен жырыңды, Жарқырай бер айдыныңмен алтыным! АСТАНА   Боргазы оскенБөрғазының Өскені Өз жолыммен алып келем жыр көшін Сөнбеші алау жүрегім, Мұздатпа ыстық тәнімді Сарғайса да реңім, Болмайың өлік кәдімгі. Қорқасың сылбыр жаңбырдан, Дауыл соқса өрлейсің. Көз нұрымды жандырған, Жүрегім – алау сөнбейсің! Шалқыған сайын аспанға, Түн-түнек кейін серпілер. Көктемгі бұлттан жасқанба, Бұлт – дауылды келтірер! Жалыныңды жоғалтып, Бықсып қалсаң – біткенің. Бықсымай сөнген көп артық, Бықсымау сенен күткенім! Жалпылдап жанбай, алаула, Қолдасын сені түз желі. Ажал атты қарауға, Дес бермес жігер біздегі! *** Бұлақтың көзін аршыдым, Көміліп қалған ұйықпен. Ашылғандай жан сырым, Қамалып қалған күйікпен. Бұлақтың көзі бұрқылдап, Қазандай бейне қайнады. Күлген соң бұлақ сылқылдап, Қозғалды тас та сайдағы. Бұлақ ақты сылдырап, Арнасымен қаңсыған. Құлындай шапты құлдырап, Еркіндікті аңсаған. Ай шомылар, Күн құлап, Жүзіне мөлдір құмартып. Көңілімде көмбе мың бұлақ, Сауабын алар кім аршып?! *** Қалжырайтын сен ғана, Көгіңді бұлт торласа. Өмір деген шөл дала, Жанашырың болмаса. Жаныңды жеп егейтін, Қатыгез кезең орнаса, Қолтығыңнан демейтін, Жақын жаның болмаса – Жалғыздық деген сол екен, Қорлығы оның мол екен. Қызғаныш, күдік тағат ап, Жүректегі мұңды алса. Айнымайтын махаббат, Сағынышпен шыңдалса. Барыстай болып бар тұлғаң, Батыл боп басқан қадамың. Адасып кетсең артыңнан Іздейтін болса адамың . Қамауға қайта оралып, Кетпейсің сонда жоғалып. Таптаурын жолдан жиренсең, Төтемен тарт – тың сүрлеу. Сүруге өмір үйренсең, Түйінін шеш мың күрмеу. Жасап өзің сал-қайық, Өткелдерден өтерсің. Машықтанып, марқайып, Дегеніңе жетерсің. Қалмайсың сонда жолыңнан, Қайырым келсе қолыңнан. *** Көк дөнені көңілімнің Шынжырланып, Басымнан Кетпей қойды-ау Мұңдыр қалып Ішіме кіріп кеткен Бұлдырланып, Аждаһаны, Жаныашыр, Тындыр барып! Кеткен соң Санамызға Мылжың дарып, Тыңдаймыз мылжыңдарды Ыржың қағып Жүреміз сезбегендей Жылмың қағып, Аждаһа Жатса да іште Қырғын салып Қаптаған сайқалдарға Сыңғыр қағып, Арланып: – Ары кет! – деп, Шыңғырмадық. Осылай жүре берсек Тұлдырланып, Ақыры кетеріміз Құрдымға Анық. *** Шуылдап Шибөрілер талағаны, Уын сап Сұр жыландар жалағаны. Бүк түсірмес Бүлкілдек жүрегімді, Сипаса Күннің гүлсім алақаны. Қалса да Қара шұнақ жаралары, Сірессе Сұңғыламен Сана маңы, Тірессе Түн мен Күннің Ала Таңы, Сана мен Ала Таңды жеңдіреді Уақыттың Қақ айырылған Қағанағы. Бірақ, Есте Сұңғыла Қара Лаңы Кетпейді Түннің дағы Қара дағы Тербелсе Көңілімнің Дара Бағы Кері келсе Дауылмен аралары Жер тулап, Қайың құлап Жатқан кезде Найзағайлы Нөсер кеп саралады Дауылдан кейін Бірақ, Есеңгіреп қалғандай Көңілімнің бар алабы. Бүлдіріп Бура болып жарағаны Мертікті Көңілімнің Қара Нары. Ирек мойыны иірілмей, Жер бауырлап, Иесі – Ойсыл Қара Қарамады. Сенгеніміз Біздерді бірдей көрмей, Соңынан ергендерді Алалады. Жалғанның жалғасады Аламаны, Жамандық – қара тікен Қадалады. Жақсылық Арашалап ала алады. Бірақ, Кете қоймайды-ау Нала табы, Көңілде Көлеңкелер қалады әлі ШЫМКЕНТ   КажиСерікжан ҚАЖИ Пенделер өзгерген жоқ, сол баяғы... МҰҚАҒАЛИМЕН МҰҢДАСУ Сен жұтқан тау самалын жұтқам менде, Сен шыққан Елшенбүйрек шыққам белге. Өзiңдей қара өлеңге ғашық еткен, Бойында туған жердiң құт бар бейне. Өзiңше дос iздегем ақ көңiлден, (Қылығым бiреулерге жат көрiнген). Кеше алмай бауырлардың сатқындығын, Сен құсап пана iздеймiн дәптерiмнен. Дос сатып, iнi сатып, аға сатып, Езедi өр еңсемдi аласартып. Өкiнем кей кездерде, өлең қумай, Мансапты қумадым деп бағасы артық. Ауылдан менде аттанғам жыр-өлең деп, Көкемде жоқ болса да тiреген көк. Өзiңнiң Фаризажан, өр апайым, Жырыма қанат берген тiрi өлең деп, Жаза алмай жүрмiн Аға, iрi өлең тек... Пенделер өзгерген жоқ сол баяғы, Қайыршы көше толы қол жаяды. Ел сөзiн айтқандарды әлi күнге, Сыртынан «ақымақ» деп қол қояды. Жыр ұқпас «қасқалары» әлi күнге, Уақыттың бiлiп алған әлiбiн де. Өзiңнiң атыңды айтып тамсанады, Сыра iшiп сырласқандай бәрi күнде. Халқым деп зарланады шала ақындар, lшiрткi жазып малын табатындар. Әлi де жыр-майданның төрiнде жүр, Байқатпай кiлең iштен шалатындар. Бiлмеймiн сен жұтқан мұң басқа мұң ба, Әйтеуiр ашылмай жүр аспаным да. Жабықсам жырыңды оқып жұбанамын, Ғажайып сырлар жатқан астарында. Сен жұтқан тау самалы дәрi маған, Жұлдызды кешi қандай жамыраған. Есiме Хан-Тәңiрiм түскен кезде, Дәл сендей сағыныштан тағыланам. Сен таудың «тағысы» едiң, тау ұлы ем мен, Жандар бар жайымды ұқпай «тағы» көрген. «Тасқа әкеп өзiн-өзi шегелеген», Жырдағы ұланыңмын соңына ерген. Десек те заман басқа, басқа халық, Маңдайды ұрдым талай тасқа барып. Бiлмеймiн не берерiн, жыр жазамын, Сен құсап, қаламымды жасқа малып... * * * Иiлсем, иiлемiн тек адалға, Жанымен маған сенiп қарағанға. Ол үшiн отқа түсем, тас жұтамын, Қорықпай наладан да, жаладан да. Иiлсем, бас ұрамын құл болардай, Ақтарам өз қалтамды дымда қалмай. Жалғандық көрсетпеймiн ұқпай қалса, Сезiнем, сенiмiн мен ұрлағандай. Иiлсем, аңқау сәби секiлдiмiн, Көңiлде жүр-ау сол бiр кекiлдi күн. Жабықсам тоқсандағы Абыз қартпын, Ажалдан басқа бұрар бетiмдi кiм. Иiлем бар пенденi досқа балап, Сыйламан қарын, кеуде, «басқа» қарап. Әлсiзге батырмадым тырнағымды, Мықтыны көргемiн жоқ еш паналап. Иiлсем, жусаннан да аласамын, Тәу етiп Хан-Тәңiрмен таласамын. Жолықса қара ниет, қара түнек, Бiр сәтiм жақсылармен тамаша Күн. Иiлем, келген болсаң тең иiлiп, Көтерем аспандатып сенi биiк. Табанмен таптап өтем деп ойлама, Кеудемде ыңырсиды бөрiм ұлып. АНАМА (элегия) Жабырқап жүрмiн жалғаныңда Ана, Күнiмдi түнге жалғадым ғана. Қарайды өмiр салқын қабақпен, Өзiң екенсiң қорғаным дара. Жабырқап жүрмiн жалғаныңда Ана, Есiме түсiп тоңғаным жаңа. Сезбеппiн тiрлiк аяз екенiн, Жауратпапсың-ау жел жағымды ала. Жабырқап жүрмiн жалғаныңда Ана, Сүйейдi Үмiт, Арманым ғана. Көңiлiм қалды пенде бiткеннен, Өкiнiш толы, жан-жағым жала. Жабырқап жүрмiн жалғаныңда Ана, Кеземiн мұңның – орманын дара. Тамыры терең бәйтерегiм-ең, Алланың басқа салғанын қара. Жабырқап жүрмiн жалғаныңда Ана, Жан жоғын сендей аңдадым жаңа. Сүрiнсем сүйеп, қиналсам қолдап, Қасымда ылғи Аруағың ғана. Жабырқап жүрмiн жалғаныңда Ана, Бүтiнмiн сырттай, ар жағым жара. Қолымнан өзге келетiн түк жоқ, Құран мен өлең арнауым ғана. Жыла, күл мейлiң, самғағын дара, Өмiрдiң ұқтым жалғанын ғана. Бақида менi күтiп аларсың, Пәнидi тастап барғанымда Ана. ОЙЛАП КЕТСЕМ… Ойлап кетсем, бiр басымда көп қайғым, Күздi күнi жел тонаған бақтаймын. Кеше ғана ғашық еткен нұрлы өмiр, Жол үстiнде жолығысқан жаттаймын. Ойлап кетсем, бiр басымда көп қайғым, Бықсып жанып, шала сөнген шоқтаймын. Түнге айналып тамылжыған таңғы сәт, Тас төбемнен шыжғырардай батпай Күн. Ойлап кетсем, бiр басымда көп қайғым, Ойсыз-қамсыз күндерiмдi жоқтаймын. Жүректегi мәңгi өшпес бейнелер, Тiрлiгiмде сан iздесем таппаймын. Ойлап кетсем, бiр басымда көп қайғым, Дiр-дiр етiп тiлерсегiм аттаймын. Жапандағы жалғыз жортқан киiктей, Жаутаңдаймын, жаралардай оқтай-мұң. Ойлап кетсем, бiр басымда көп қайғым, Өзiмдi-өзiм жазалаймын, соттаймын. Доңыз шығып адал деген қазаннан, Қай қиырда қалдырмады, сатпай кiм? Ойлап кетсем, бiр басымда көп қайғым, О дүниенiң мәңгiлiгiн мақтаймын. Келмес жақтың кемесiмен кеткiм кеп, Сезiмiмдi ауыздықтап, батпаймын… Ойлап кетсем, бiр басымда көп қайғым, Жол үстiнде жоғалтқаным аттай мың. Қателiктiң тұнбасына сан түстiм, Десем-дағы «өзiм-өзiм сақтаймын». Ойлап кетсем, бiр басымда көп қайғым, Бұл өмiрде бар да, бiр де жоқтаймын. Ойлап, ойлап баяны жоқ Жалғанның, Осы екен деп сабыр етiп тоқтаймын… ҚҰБЫЛА Күн құлайды құшағыңа құбыла, Өзiң куә қара түннiң мұңына. Тәңiрiме тағзым етем сәт сайын, Маңдайымды тiреп саған бұрыла. Шылбырынан ұстай алмай сан ойдың, Тентек мұңды тереңiме қамаймын. Соқпасын деп қара бұлты тағдырдың, Қайта-қайта қабағыңа қараймын. Тіршілікте сан қызыққа батамын, Адымдаймын, қателесiп жатамын. Жаратқаннан «түгел ет» деп төрiмдi, Бұрылдым да, марқасқаны атадым. Қарашада қайтқан құстар топтанып, Аттанғандай құбыланы бетке алып. Құлазимын, еске түсiп бал шағым, Сағыныштан көңiлiмдi шоқ қарып. Ұры мезгiл бойымдағы барымды ап, Парыз жүгi жылдар сайын қалыңдап. Келмес жаққа кетiп бара жатырмын, Оу, құбыла саған қарай адымдап… АЛМАТЫ

3538 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8025

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6641

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4386

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3770

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3736

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3694

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3428

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3420

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы