• Әдебиет
  • 22 Желтоқсан, 2012

Тағылым және таным

Бақтияр Смановтың Алматыдағы «Ұлағат» баспасынан биыл жарық көрген «Алпыстың асуындағы ойлар» атты кітабына бірден көңіл қойғанымыз оған енген материалдар газеттерде, журналдарда, кітапшаларда жарияланған, радиодан сөйленген, теледидардан айтылған, сөйтіп жұртшылық сынынан өткен, бүгінде көптеген ойлы оқырман іздеп, қолға түсіре алмай жүрген аса қымбат дүниелер болып шықты. Бұл маған өткен өмірді саралайтын,кемел келешекке жол сілтейтін «Ақыл кітабы» болып көрінді. Кітап авторы – Бақтияр Өрісбайұлы Сманов Халықаралық педагогикалық білім беру (Ресей) және Халықаралық Шыңғыс Айтматов (Қырғызстан) академияларының академигі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин медалімен марапатталған, кезінде республикалық педагогика саласы басшы кадрлар білімін жетірлдіру институтының директоры қызметін жемісті атқарды, Қазақстан Республикасы Үкіметі дін істері жөніндегі кеңес хатшысы болды. Сондай-ақ педагогика ғылымдарының докторы, профессор болғандықтан оның жазбаларынан нешеме айтулы оқиғалардың қыр-сырын тереңдей әрі жан-жақты білуге, анықтауға, көңіл­­ге тоқуға болады. Ол талантымен, алғырлығымен, байқағыштығымен, әсіресе саяси өмір құбылыстарын жіті бақылай алатынымен ерекшеленеді. Ол Елбасы туралы еркін ой айта біледі. Өзгелер байқамаған ұрымтал тұсты қалт жібермейді. «Қапелімде, жол-жөнекейде қойыл­ған тосын сұрақтарға нақты да тұшым­ды, ұтқыр да ұтымды жауап беруінен, тіпті кейде әңгіме арасында сондай күрмеуі қиын сауалдарға астарлы әзіл мен ойлы юмор араластыра жауап беруі ерекше әсер қалдырады әрі ойландырады.Бірде өткен жылдардағы атқарылған іс-шаралар жөнінде айта келіп, Елбасының: «Жұмылсақ – жұдырықпыз, жұмылмасақ – құрыдыққ біз!» дегені бар. Бұл дап-дайын мақал емес пе?!» дейді. Ол осының өзімен-ақ Елбасының ерен еңбегін, көрегендігін, сөзге шешендігін, алып ойдың иесі екендігін, өз халқы үшін жанын беруге даярлығын паш етеді. Бақтияр Смановтың сүбелі еңбегі­нің топтамасы «Рухани дүние діңгегі» деп аталғаны бізді қуантады.Қазақ елінде дінтану мәселесімен айналысатын азаматтардың арасында бұл азаматтың шоқтығы биік екені белгілі. Оның ерен еңбегі сол бұл тақырыпты қозғағанда түбегейлі, тереңнен, бастапқы нәрден, былайша айтқанда түпнұсқадан-қасиетті Құраннан таратуында. Оның алғыр ойы қасиетті кітаптың халыққа ең керегін талғап алып, жұмсақ тілмен талдап бере алуында. Бұл жөнінде ол дінтану әлемінде еңбек етіп жүргендерге дес бере қоймайды. «Исламның түбірі салама деген араб тілінің сөз тудырушы етістігінен шыққан сөз. Діни тілмен айтқанда «Аллаға бой ұсыну және оның айтқан қағидаларына бағыну» дейді де сізді руханияттың тұңғиық тереңіне тарта жөнеледі. Сіздің жүрегіңізге құйылған нұр кері қарай шашылғанда ол шапағатқа, шуаққа, сәулеге оп-оңай айналып жүре береді. Бақтияр Сманов қазақ мектебінің, оның ішінде педагогика саласының майталман маманы ретінде жұртқа кеңі­нен танылған. Мектеп мұғалімдігінен министрлікке дейінгі баспалдақтар­ды асықпай басып өтіп қазіргі таңда осы саланың ең көрнекті өкіліне айналып отыр. Оның айтқандарынан асыл маржандарды асықпай сүзетін болсаңыз, аса білгір, тереңнен толғайтын, осы салаға қаны мен жанын берген патриот азаматты танисыз. Кітаптың әсіресе «Әдебиет және мәдениет» деп аталатын тарауын тебіренбей оқу мүмкін емес. Әсіресе «Аңызға айналған Айтматов» дейтін естелігі ұлы жазушы туралы аса құнды еңбек. Мұнда сырттай талдау емес, бірге жүріп-тұрған адамның көзқарасы ретінде хатқа түсуі бұл еңбектің құнын арттыра түседі.Бақтияр Сманов көркемсөз шеберімен бетпе-бет отырып сырласқан, әңгімелескен адам. Бақтияр Өрісбайұлының бұл кітап­қа кірген еңбегінің аса биік шоқтығы – ол тарих қойнауынан тапқан, әлі де ғылыми айналысқа түсе қоймаған аса құнды деректері. Мысал ретінде Молда Қошық туралы жазғандары тек тұғырлы тұлға туралы ғана емес, бізге беймәлім, Қоқан хандығы туралы тың зерттеу. Меніңше, бұл келешекте тереңдей қарастырылатын, тұтастай тексерілетін, сөйтіп, халқымыздың асыл қазынасына айналатын бастама екені бірден көрініп тұр. Мысал ретінде айтар болсақ, ­«Абылай хан ұрпағы Сыздық сұлтан не үшін Қоқан хандығы үшін қан төкті?» «Неге төңкерістен кейін Мұхамеджан Тынышпаев, Мұстафа Шоқайлар Қоқан автономиялық республикасын құрмақ болды?» деген сұрақтарға жауапты міне осы Молда Қошық мақаласынан табуға болатындай. Қандай бір азамат болмасын қолына қалам алғаннан кейін ол туған жердің, атажұрттың жыртысын жыртпаса, ол тамырсыз тіршілікке айналады. Осы ретпен алғанда автордың өзінің кіндік қаны тамған кешегі Бостандық ауданы туралы толғауын тебіренбей оқу мүмкін емес. Шыршықтың ортасынан тең жарылған суы, Газалкент, Табақсай маңы, Шарбақ ГЭС-і, Фархадтың мүсіні, көгілдір таулар, таза ауа, алып шынарлар көрген жанды толғандырмай, кірпігіне жас ілмей тұра алмайды. Бұл кітапта тағылым аларлық дүниелік өте көп.Солардың бірі – арыстарды қайта тірілту, еңбектерін елге жеткізу,талдау, түсіндіру жұмыстары.Кітаптағы «Кімнен үйренуіміз керек» дейтін зерттеу мақала Бақтияр Сманов­тың шын мәнінде ғылым саласындағы саңлақ екенін дәлелдейтін,соған куә болатын күрделі еңбек. Біздің қазіргі қазақ тілі ғылымында қолданып жүрген атауларымыздың бәрін Ахаңның ойлап тап­қаны,ең алғаш айналысқа ендіргенін кө­ңіл төріне оп-оңай орнықтырады. Сол ар­­қылы Ахаңның да, өзінің де мәртебе­­сін биіктетеді. Шындығына келер болсақ,кітап ав­торымен қырық жылдай шығар­машылық, әрі қызмет және бауыр­ластық тұрғыда аралас-құралас болып келемін. Аудандық әдістемелік кабинеттен басталған ғұмырнамасының қалай жалғасқаны. Тіпті белгілі уақыттарда қол астында қызмет те еттім. Қамқорлығын да көп көрдім.Тіпті бірігіп жоғары оқу орындарына арнап «Ұлттық тәрбие және дінтану негіздері» атты оқу құралын да жазған, Республикалық біліктілікті арттыру орталығы қызметінің тарихын («Ұстаздардың ұлағатты ұясы») түгендеген шақтар болды. Жан жүректен, ізгі тілектен болар: Халқымның қасиетті бір ұлысың, Жаны жайсаң, ортаның гүлгүлісің. «Бақтиярлап!» бабамыз жауға шапқан, Есіміңе лайық үлгілі ісің. Құдайым жомарттықты саған берген, Дәл өзіңдей болады табанды ерлер. Академик атандың еңбегіңмен, Орын алдың өзіңе ғалам төрден. Биіксің, асқар таусың, кішірмейсің, Ешбір жанға көлеңке түсірмейсің. Жүрегің толған мейірім, риауайтқа, Табиған өзі соққан мүсіндейсің... деген мәтінде жыр да арнаппын. Оңашада сырласқан күндеріміз де көп болыпты. Осы кітапты ең әуелі қолға алғанда алмағайып сәттегі суреттерді рухыма, жаныма ілекер көріп іздестіргенім рас. Бәрі-бәрі ұқыпты қолмен, ізгі тілекпен хатқа түсіпті, шебер тілмен өріліпті, ой-тол­ғаммен байытылыпты, бір сабақ жібін қалдырмай түгендеп, аса мәртебелі халыққа ұсынылыпты. Осыған кәдімгідей қуан­дым, шын жүректен шаттандым.Тіптен осындай біртуар азаматтың жанында жүргеніме мақтандым десем де болады. Менің білуімде, Бақтияр Өрібайұлы­ның алар асуы алда екені рас. Ол қалай болғанда да «Дінтану діңгегін» бұдан да жоғары өрлетіп, тұтастырып,бір жүйеге келтіріп, қазақ топырағында руханияттың алтын қақпасына айналдыруға толық мүмкіндігі бар деп танимын. Ұлы Аристотель: «Өмірдің мәні неде?» деп өз-өзіне сұрау салып, бұған «Ол дегенің басқалар үшін қызмет етіп, жақсылық жасау!» деп анықтама берсе,бұл сырлы да нұрлы сөздер Сманов Бақтияр Өрісбайұлы туралы айтылғандай көрінетіні рас. Себебі оның өнегелі өмірі, халыққа деген қалытқысыз қызметі, «Алпыстың асуындағы ойлары» бізді осы ойға жетелейді. Жарылқасын БОРАНБАЕВ, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері

3359 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7963

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6609

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4353

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3738

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3703

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3662

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3393

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3386

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы