• Тіл
  • 26 Сәуір, 2009

Өзге тілді ересек тұрғындарға арналған «Қазақ тілінің үздік оқулығы» атты байқау туралы ереже

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жеделдете оқыту, коммуникативтік-бағдарлы оқытудың тиімді әдістемелерін пайдалану жөнінде ересек тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқулықтар мен оқу құралдарын жасауды ынталандыру мақсатында, өзге тілді ересек тұрғындарға арналған «Қазақ тілінің үздік оқулығы» атты республикалық байқауын жариялайды.   Байқаудың мақсаты: Өзге тілді ересек тұрғындар үшін мемлекеттік тілді жеделдете оқытуға арналған ерекше озық үлгідегі оқулық немесе оқу құралын анықтау. Байқаудың міндеттері: - ересек аудиторияны мемлекеттік тілге оқытудың ерекшеліктерін ескеретін оқулықтарды, оқу құралдардын жасаушы авторларды ынталандыру; - ересек тұрғындардың мемлекеттік тілді тиімді игеруіне мүмкіндік туғызатын, инновациялық әдістемеліктерді қолдана отырып, қазақ тілі оқулықтарын әзірлеу бойынша республиканың ғылыми-әдістемелік әлеуетін жандандыруға ықпал ету; - қазіргі заман талаптарына сай жасалған үздік оқулықтарды, оқу құралдарын анықтау. Байқаудың ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті. Байқаудың ұйымдастырушысы байқау материалдарын жинақтауды және сараптауды қамтамасыз етеді, байқау комиссиясын құрады және оның жұмысын қамтамасыз етеді, байқау қорытындысын шығарады, марапаттау рәсімін өткізеді. Байқауға қатысушылар: - байқауға жеке авторлармен, сондай-ақ авторлық ұжымдармен дайындалған оқулықтар мен оқу құралдары жіберіледі; - байқауға қатысушы байқау комиссиясына автордың (авторлардың) аты-жөнін, ғылыми дәрежесін, жұмыс орны мен лауазымын, оқу орнының атауын және аннотациясын көрсетіп, байқауға қатысуға өтініш жолдайды; - оқулықтың қолжазбасы (оқу құралы) – 2 дана; - СД диск. Өткізу мерзімі мен орны: - 2009 жылдың сәуірінен 2009 жылдың қазанына дейін. Құжаттар мен байқау материалдары мына мекенжай бойынша жіберіледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті; - байқау материалдарын қабылдау 2009 жылдың 30 қазанында аяқталады. Бағалау өлшемдері: - мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлі оқытуға сәйкестігі, (А-1, А-2 - бастауыш, В-1, В-2 - жалғастырушы, С-1, С-2 - тереңдетілген), қазақ тілінің қысқаша грамматикалық анықтамалығы, оқу сөздіктері, хрестоматиялары; - қазақ халқының этникалық ерекшеліктерін ашып көрсететін мәдени бағыттағы материалдар мазмұнының берілу әдістемесінің өзіндік сонылығы. - жеткізу тілінің ұғынықтылығы мен дәйектілігі; - оқулықты (оқу құралын) ресімдеудің деңгейі (библиографиялық тізбе, кестелер, иллюстративті материал, суреттер және т.б.); - оқулықты пайдаланушының шығармашылық қабілетін дамыту бойынша өздік жұмысты қамтамасыз ететін элементтердің қамтылуы . Байқау қорытындысын шығару: - байқауға өз жұмыстарын тапсырған авторлар (қосалқы авторлар) байқау комиссиясының мүшелері бола алмайды; - байқауға жолданған оқулықтарды (оқу құралдарын) қарастыру, байқау комиссиясының материалдардың жоғарыда көрсетілген өлшемдерге сәйкестігін жеке сараптауды ұйымдастыру жолымен іске асырылады; - қарастырудың қорытындылары бойынша байқау комиссиясы Бас жүлде, 1, 2, 3 орындар алған жұмыстарды айқындайды; - байқау жеңімпаздары лауреат дипломдарымен және ақшалай сыйлықтармен (Бас жүлдеге – 500 мың теңге, 1 орынға – 400 мың теңге, 2 орынға – 350 мың теңге, 3 орын – 300 мың теңге (салықтар мен шегерулерді қоса есептегенде көлемінде) марапатталады; - бірнеше қосалқы авторлар болған жағдайда, олардың әрқайсысы жалпы соманы тең бөлу арқылы марапатталады; - байқау жеңімпаздарының қатарына енген авторлық жұмыстар көп таралыммен басып шығарылатын болады; - марапаттау рәсімі 2009 жылдың қараша айында Астана қаласында өтеді. Ұйымдастыру комитеті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті; Анықтама телефондары: (87172) 740501, Факс (87172) 740506

3961 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы