• Тіл
  • 08 Қазан, 2009

Тәжіктер туған тілдің туын көтерді

Сейсенбі күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов «Тіл туралы» жаңа заңға қойды.

Бұл заңның бұрынғы заңнан ерекшелігі - орыс тілі «халықаралық қатынас тілі» мәртебесінен айрылып, есесіне «Тәжікстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы» жаңа заңына сәйкес мемлекеттік билік пен басқару органдары, кәсіпорындар және мекемелермен қарым-қатынас, ақпарат алу мен құжат алмасу тек қана мемлекеттік, яғни тәжік тілінде жүзеге асатын болды.Енді аталған заңды бұзғандар жауапқа тартылып, айыппұл төлейді. Тіпті заңды бұзған жеке азаматтар – 160, ұйымдар - 320 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлейді деп тайға таңба басқандай анық жазылған. Жаңа заңды қабылдау ұсынысын мемлекет басшысының өзі парламентке жолдаған болатын. Өзінің бұл шешімі жайында Эмомали Рахмонов «Дамыған, өркениетті елдер секілді біз де мемлекеттік тіліміздің тазалығы үшін күресетін уақытымыз жетті. Ұлттың ұлылығын ең әуелі оның халқының ана тілін қаншалықты құрметтеп, қорғайтынынан көруге болады» деп қадап айтты. Туын биік ұстап, туған тілдің тұғырын теңселтпеген ел осындай-ақ болар...

2877 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы