• Тіл
  • 19 Ақпан, 2009

«Ит үреді, керуен көшедінің» кері ме?

Қазақтың тілі мемлекеттік тіл ретіндегі міндетін неге орындай алмай жүр? Бұның себептері белгілі. Бұл жөнінде көптен бері ақпарат құралдарында айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ бұлардан қорытынды шығарып, жағдайды жөндей қояйық дейтін билік тарапынан ұмтылыстар әлі де жөнді байқалмайды. Кешегі социалистік қоғамда баспасөз бетінде жарық көрген проблемалық мәселелер немесе сыни мақалалар жедел талқыға түсіп, одан қорытынды шығарылып, нақты іс-шаралар қолға алынып жататын еді. Бүгінде «ит үреді, керуен көшедінің» кері ме, әйтеуір қанша рет айтып, заржақтанып жатсаң да, бұған жоғарыдағылар көңіл аудармайтын болды. Өйткені, ірілі-ұсақты билік басында орыстілділер отыр. Бұлар үшін қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде күш алып кетуі өздеріне төнген үлкен қауіптей көрінеді, яғни олар мұндай жағдай туындай қалса бүгінгі жайлы орындарынан айырылып қаламыз ба деп қорқады. Сондықтан да тілдік қатынастың бүгінгі ең қажет жері – қаладағы өндіріс орындарына қазақтарды жұмысқа ала қоймайды, алса да олардың саны он-он бес пайыздан аспайды. Себебі, олар көбейіп кетсе өндіріс орындарында қазақ тілі қолданысқа еніп кетер деп қауіптенеді. Мысал келтіріп, мұндай кәсіпорындардың атын атап, түсін түстеп жатудың қажеті жоқ болар. Өйткені бұл шындықты қаладағы кез келген қазақ біледі. Көбісі осы жайтты басынан өткерді. Сонда не істеу керек? Міндет – қазақтың жоғары білімді ұлттық техникалық мамандарын көптеп дайындау, оның ішінде қазақ жастарын өндіріс орындарында жұмыс істеуге керекті мамандықтар бойынша кәсіптік-техникалық колледждерде оқытуды қолға алу. Осылайша қазақ жастарының өндірістік кәсіпорындарға көптеп тартылуын қамтамасыз етуге болады. Сәттәр Үсенбекұлы, «Алматы жылу желілері» акционерлік қоғамының инженері

3044 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы