• Тұлға
  • 14 Қазан, 2021

АҢЫЗ АДАМ АРДАҚТАЛДЫ

Әлемді жайлаған індеттен сәл-сәл айығу байқалғасын, мәдени шаралар бой көрсете ­бастады. 
Қырғызстанда Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің мәдени күндері өтті. Соған ­байланысты аталған көрші елге жолы түскен мәдениет саласының майталмандарына ілтипат білдіріліп, марапаттар табысталды. Олардың арасында қазақ киносының, театрының аңызы Асанәлі Әшімов те бар. Тұлғамызды қырғыз ағайындар дүниелік мәдениетке және кинематографияның ­дамуына қосқан зор үлесі үшін еларалық Айтматов академиясының Шыңғыс Айтматов атындағы дипломы және «Қар барысы» сыйлығымен ­марапаттады. Құтты болсын!
Қырғызша «Ақ илбирс» аталатын марапат, ұлттық кинематография саласына қосқан үлесі, жеткен жетістігі үшін және кинематография саласының көркемдік деңгейін көтеру мақсатында беріледі. 

Д.Кәмелханұлы

1660 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы