• Тіл
  • 19 Мамыр, 2022

«TIJI» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың қатысуымен «TiJi» балалар телеарнасының қазақ тіліндегі аудиожолағы таныстырылды.

Іс-шараға «Groupe M6» компания­сы­ның телеарналар мен радиостанциялар портфелін халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене ­Окутюрье, «Лти Восток» ЖШС бас директоры, Халықаралық дистрибуция жөніндегі директор Мария Жабина-Пантелик және Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің кеңесшісі Алекс Бортолан қатысты.

Кездесуде Асқар Омаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағанын атап өтіп:

«Қазіргі ақпараттық ғасырда балалардың қарым-қатынас ортасын қалыптастыруда мультфильмдердің ықпалы зор. Осыған байланысты Министрлік әлемге танымал мультипликациялық балалар арналарын қазақ тіліне аудару бойынша ауқымды жобаны іске асыруда. Бұл балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуге септігін тигізетініне сенімдімін», – деді.

«Қазақ тілі – өте бай тіл. Оны насихаттау мақсатында қазақстандық балалар үшін арна құруға және қазақ балаларына олардың мемлекеттік тілінің дамуына ықпал ететін ойын-сауық және білім беру контентін қалыптастыру бойынша бірлескен бұл жоба – бізді осынау игі іске ынталандырды», – деді іс-шарада Жан-Рене Окутюрье.

Қазақ тіліндегі «TiJi» аудиожолағын Алма ТВ, TV Commerce, Қазақтелеком, Фермата ПРК, Қайнар Медиа (Тал­дықорған қаласы), Тералайн (Нұр-Сұлтан қаласы), ТТК (Теміртау қаласы) операторларынан көруге болады.

А.ҰЛТАНБЕКОВА

2353 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы