- Тіл
- 19 Қаңтар, 2023
TikTok интерфейсі қазақ тіліне аударылды

«Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның кейінгі жаңартылуында қазақ тілін таңдау опциясы пайда болды. Миллиардтаған қолданушысы бар әлемдегі ең танымал платформаның қазақшалануы жаңа мүмкіндіктерге жол ашары анық»,- деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында.
–Жалпы біздің елде TikTok қолданушылары арасында қазақ тіліндегі контентке сұраныс артып отыр. Мәселен, мәдени және тарихи құндылықтарды, мәдениетаралық диалогты насихаттауда «Ел бірлігі» ТikTok house жобасының мәні мен маңызы зор болды.
Сондықтан өткен жолы TikTok компаниясының вице-президенті Тео Бэртрам мырзамен кездесуде TikTok интерфейсіне қазақ тілін енгізу және қазақша контентті бірлесе дамыту мәселелері жөнінде пікірлесіп, уағдаласқан едік.
Таяуда елімізде TikTok компаниясының қазақстандық офисі ашылғаны да белгілі. Мұның бәрі осы платформаның еліміздегі белсенді қолданушыларына игі әсерін тигізері сөзсіз.
Біз өз тарапымыздан қазақ тілді контенттерді дамытуға, жаңа сапаға көтеруге байланысты жұмыстарды жалғастыра береміз, – деді министр Дархан Қыдырәлі.
Сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Бағдат Мусин де «TikTok» компаниясы әлеуметтік желідегі қосымшасының қазақ тіліне аударылғаны туралы ақпаратымен бөліскенін айтты.
–Бұл шынында да қуанышты жаңалық. Қазіргі уақытта елімізде қазақтілді қолданушылар санының өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Танымал қосымшаның мемлекеттік тілге көшуі қолданушылар үшін ыңғайлы болып қана қоймай, ана тіліміздің әлемдік деңгейде сұранысқа ие екенін мойындатып отыр.
Өткен жылы Digital Bridge форумы аясында «TikTok» компаниясының басшылығымен кездесіп, екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқылаған болатынбыз. Осының негізінде Astana Hub пен TikTok арасында арнайы Меморандум бекітіліп, оның нәтижесінде қазақстандық стартаптар үшін эксклюзивті білім беру бағдарламасы — TikTok StartUp Academy жобасы іске қосылды. Жоба аясында қазақстандық стартаптар үшін оқыту курстары өткізіліп жатыр, – деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Н.БЕЙСЕМБАЕВА

946 рет
көрсетілді2
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
czaUrbGNRLuXH
24 Қаңтар, 2023BsgeJGDEF
EdqMahyzDeU
24 Қаңтар, 2023oDlyBuOL