• Әдебиет
  • 21 Маусым, 2012

Атқарылған істі бағалай да білейік

Еліміздің тәуелсіздігі жариялан­ғанына 20 жыл өтсе де қазақ тілінің еліміздің Конституциясында, «Тіл туралы» Заңында мемлекеттік тіл болып айқындалған дәрежесіне сәйкес қолданбауы жанашыр азаматтарды ойландыруы әбден дұрыс. Республикалық «Ана тілі» газетінің биылғы №23 санында жарық көрген «Төраға неге тулады?» атты мақаладан кейін, келесі санда Шәңке Байдәулеттің «Тілді қолдаушы ма, әлде қорлаушы ма?..» деген мақаласында болған жайтқа автордың өз пікірін ашық білдіргені де орынды. Дегенмен де өңірлердегі Тілдерді дамыту басқармаларының атына сын айтылыпты. Автордың айтуына қарағанда, бейнебір олардың жұмысында жаңалық, өзгеріс жоқ тәрізді. Ал нақты тілге тиек ететін болсақ, атқарылған жұмыстар аз емес.  Өңірде тіл саласында жүзеге асы­рылып жатқан шаралар Қазақстан Республи­касы Президентінің 2011 жылғы 29 мау­сымдағы №110 Жарлы­ғымен бе­кітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына», Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына, сон­дай-ақ облыс әкімдігінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі №270 қаулысымен бекітілген 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылады. Жоспарда қарастырылған әрбір шараның уақытында, сапалы жүзеге асырылуы, бөлінген қар­жының тиімді де мақсатты жұмсалуы құ­зырлы органдардың жіті бақылауында. Аталған құжатқа сәйкес басқарманың тіке­лей немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырып отырған шаралары облыс тұрғындарының тілдік сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған тікелей нәти­желі көрсеткіштерге қол жеткізуді көз­дейді. Осыған байланысты басқарманың негізгі мақсаты өңірде төзімді тілдік ортаны қалыптастыру болып табылады. Осы мақсаттың басты көрсеткіштері болып мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру, облыс тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін арттыру, ономастика саласындағы тілдік даму, тіл туралы заңдардың сақталуын бақылау, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен түсіндіру бағытындағы шаралар жүйесін іске асыру болғандықтан басқарманың қызметі де аталған бағыттарда жүргізіледі. Облыста қол жеткізілген нақты жетістіктер ретінде мемлекеттік басқару органдарының құжат айналымының, БАҚ-тағы қазақ тілі контентінің, ана тілінде білім-тәрбие алатын балалар үлесінің артуын, тілді меңгеру инфрақұрылымы желі­сінің кеңейгенін, қазақ тілінің ғылыми-әдіс­темелік қамтамасыз етілуін келтіруге болады. БАҚ-тың шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, қазақ тілінде үлгі тұтарлық бейнелерді көрсетіп, отбасында мемлекеттік тілді қолдануды насихаттап, балалар мен жастарға арналған танымдық, ақпараттық-идеологиялық сипаттағы жобаларды жүзеге асырып отырмыз.Тұңғыш рет облысымызда жер-су, елді мекендердің шығу тарихын лингвистикалық, этнолингвистикалық, тарихи-этнологиялық тұрғыдан зерттеу жүзеге асырылды. Мұның өзі өңірде атауларын өзгертуді қажет етіп отырған 167 елді мекеннің 140-ының тарихи атауларын қайтаруға негіз болды. Сонымен бірге ономастика саласында ұлттық ономастикалық кеңістікті қалыптастыру мақсатында елді мекендердің атауларын бір жүйеге келтіру, облыс, аудандардың қазақ тілінде карталарын, танымдық атлас, анықтамалықтар басып шығару, көрнекі ақпаратты сәйкестендіру, «Мекенжайлық тіркелім» жүйесін жүргізу, өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқыту, оқыту-әдістемелік шараларды ұйымдастыру, тағы басқа бағыттағы жұмыстар іске асырылуда. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында өңірде тұрақты тілдік ахуал қалыптасып отыр. Облыс тұрғындарының 80%-дан астамы қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Жылдан-жылға мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерін, яғни үш тілді меңгергендер саны артуда. Ең бастысы қазақ тілін білу – бүгінгі заманның талабы, жалпыға түсінікті факті ретінде мемлекеттік тілге деген көзқарас өзгеріп, оны үйренуге деген құлшыныс артуда. Қазақ балаларының балабақшада, мектептерде қазақ тілінде білім-тәрбие алуға толық жағдайлар жасалды. Егемендік алған 1991 жылмен салыстырғанда қазақ тілінде білім беретін мектептер үлесі 13, мектепке дейінгі білім мекемелері 42 пайызға артты. Уақыт өте жүйелі саясаттың арқасында қазақ тілінің қоғамдық өмірде қажеттілігі толықтай орнап, өзінің дәрежесіне сәйкес қолданылуына әлі де куә болармыз. Әрқайсымыз тілдің өркендеуі бір ғана мемлекеттік органның жұмысы ғана емес, бүкілхалықтық іс екенін түсініп, тілге деген құрмет-сүйіспеншілігімізді, ұлтшылдығымызды бір-бірімізден көргеннен гөрі жеке басымыздан бас­тап дәлелдегеніміз жөн болар еді. Қол жеткізілген нәтижені, атқарылып жатқан жұмысты тиісті бағалай білу де керек.Бұл ретте тілдің қолданысын кеңейту ісіне қатысты терең ой, жаңа бастама, жақсы іс болса, басқарма оларды қолдап, жүзеге асыруға дайын. Гүлайым ТӨЛЕБАЕВА, Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасының бастығы

2578 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7346

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6269

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4015

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3402

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3360

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3329

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3057

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3047

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы