• Тіл
  • 07 Желтоқсан, 2012

Жыраулық дәстүрден қол үзіп қалмайық

Жыраулық-жыршылық өнер – ұлттық рухтың қозғаушы күші. Ұлттық идеология. Асанқайғы, Қазтуған, Махамбетке ұласып, бүгінге жеткен ұлттық рухани құндылықтың бастауы. Әрбір дәуір мен кезеңде ұлт пен мемлекеттің ұстанымы мен тұрақтылығын қадағалап, бағдарлайтын рухани бірден-бір құрал. Қай кезеңде де бұл өнерді тек өнер деп қарамай ұлтты ұлт ретінде жасаушы және сақтаушы философиялық дің деп қараған жөн. Қазақ мемлекетін құруда жыраулардың рөлі қай деңгейде болғандығын айтып жатудың да қажеті аз шығар.  Мыңбай Рәш ағамыздың «Жы­раулық дәстүр неге жалғаспай отыр?» («Ана тілі», №46, 15-21 қараша 2012 ж.) деген мақаласын тұшы­нып оқыдық. Жыраулық өнердің мәселесі көтері­ліп отырғаны бәрімізді қуантады. Бұған Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым министрліктерінен, мүмкін Үкіметтен қолдау болып, Мемлекеттік тұрғыдан бағдарлама қабылданса ешқандай артық болмас еді. Бізде «Мәдени мұра» атты бағдарлама бар. Мүмкін осы бағ­дар­ламадағы жыраулық дәстүрге қатыс­ты тұсты әлде де болса жандандырып, жаңа талаптармен толықтырған жөн болар. Мысалы, айтыс өне­рін алайық. Айтыс жақсы жолға қойылды. Ай­тысқа деген ха­лықтың қы­зығушылығы артпаса, ешқашан кеміген емес. Сол сияқты жырау­лық дәстүрді де сол деңгейде көтеріп, осы өнерге деген халық сұранысын күшейте түссек. Рухани тәрбие құралы ретінде мән-маңызын түсіне білсек. Сонда мұның ұлт ретінде орныға түсуімізге, намыс­ты ұлдарымыз бен қыздарымыздың көбейе түсуіне ықпалы мол болар еді. Жыраулық өнер еліміздің барлық өңірлерінде өркен жайғаны мәлім. Кей өңірлер оның тамырын тереңге жіберсе, кей өңірлерде там-тұмдап қана сақталды. Соның ішінде Маңғыстау мен Сыр өңірлерінде жыршылық өнер ғасырлар бойы сақталып, дамып, бүгінге жетті. Сырдың бойында көп айтылатын Жиенбай жырау мұрасын бүгінгі күнге дейін атадан-балаға үзбей жалғастырып алып келе жатқан тікелей ұрпағы – Бидас Рүстембеков деп айта аламыз, Көшеней Рүстембековтің бауыры. Жыраулық өнер құлдырап, жоғалуға айналған уақытта Кө­шеней Рүстембеков бұл өнерге үлкен серпіліс берді. Өкінішке қарай, Сыр бойында өмір сүрген көптеген жыраулар бүгінгі күнде өмірден өтіп кетті. Шәмшат Төлепова, Қуандық Бүрлібаев, Жаппар Тұңғышбаев, т.б. Ал қазіргі таңда Маңғыстау өңірінде Жеткізген Сейітов, Амандық Көмеков сынды ағаларымыз бар. Сол сияқты дәстүр­ді жалғастырушылар яғни орта және жас буын орындаушылар жеткілікті деуге болады. Ал ең бастысы бұл орындаушыларға қолдау, қамқорлық қажет. Өйткені олар ғасырлық тарихы бар ғажайып өнерді сақтаушылар. Осыны ескергеніміз абзал. Ұлжан Байбосынова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты

3462 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8325

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6812

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4560

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3941

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3909

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3868

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3596

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3596

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы