• Тіл
  • 02 Маусым, 2010

Мемлекеттік тілді білу заңмен міндеттелуі тиіс

Біріншіден, бағдарламада қабылданатын іс-шаралардың қай кезеңде іске асатыны нақтылы көрсетіліп, анық белгіленуі тиіс. Екіншіден, жоспарланған әр іс-шара белгілі бір лауазымды тұлғаға немесе құзырлы орынға жүктелуі керек. Бұл жұмыстың жауапкершілігін арттырады. Яғни жауапты орын немесе қызметкер белгілі мерзім аралығында атқарылған жұмыстар жөнінде қорытынды жасап, тиісті органдар алдында есеп беріп отыруы тиіс.Үшіншіден, мемлекеттік тілді міндет­ті түрде білуі тиіс лауазым иелерінің, тіп­ті қарапайым қызметкерлердің де тізі­мі жасалып, халық олардан мемле­кет­тік тілді талап ететіндей жағдай жасалуы керек. Төртіншіден, бүгінгі күні қазақ тілі мәселесінің уақыты пісіп-жетілгеніне байланысты бұрын «мемлекеттік тілді білу парыз» деп келсек, енді «міндетті» дейтін болдық. Сондықтан осы «міндетті» дейтін сөзді заңмен бекіткеніміз жөн. Бесіншіден, бүгінгі таңда мек­тептердегі, балабақшалардағы қазақ тілін үйрету бағдарламалары, әдіс­темелері бір ізге түспеген. Әр мектеп, әр ұстаз өз білгенінше үйретіп жатады. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі, т.б. құзырлы орындар осы мәселені күн тәртібіне қойып, тезірек шешім табуына атсалысуы тиіс. Тағы бір айта кетерлік жайт, мемлекеттік тіл мәселесін орыстілді бұқаралық ақпарат құралдары да халыққа насихаттап отыруы тиіс. Олар көбінде мұндай игілікті шарадан тыс қалып жатады. Сондықтан Байланыс және ақпарат министрлігі осы мәселені назарда ұстағандары жөн. Елбасы Жолдауында «қазақстандық патриотизм», «ел бірлігі» идеясын атап айтты. Ал ел бірлігін жүзеге асыратын ең бірінші дүние, меніңше, мемлекеттік тіл. Сондықтан Қазақстан халқы ұлтына, дініне қарамай, тіл мәселесіне жұмыла кіріскендері жөн. Бердібай Шалабай, филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің кафедра меңгерушісі

2625 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8254

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6771

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4518

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3901

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3868

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3828

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3557

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3555

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы