• Тіл
  • 03 Маусым, 2010

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті қалай оқытылып жүр?..

Ал қазақ әдебиетін жаңаша оқыту – шынайы ұлттық патриотизмді қалыптастырып, рухани болмысымыз бен идеялық мұратты орнықтырудың бірден-бір тұжырымы. Сондықтан әдебиет сыны, әдебиет тарихы және әдебиет теориясы жетістіктері /әлемдік деңгей/ тұрғысында білім беру мәселесі үнемі назарда болғаны жөн. Осы тұрғыда әдебиетті оқыту әдістемесін жетілдіре түсу қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ кешенді сатылай талдау технологиясымен оқыту – көркем мәтіннің өзін оқытқаннан кейін ғана орындалатын негізгі әдістемелік талап. Сондықтан ұстаздар қолында бірінші кезекте мәтіннің өзі, хрестоматиялық оқу құралдары болуы керек.

Сонымен қазақ тілі мен қазақ әдебиетін мектептерде оқыту сапасын жетілдіруде назар аударатын мәселелер мыналар: Біріншіден, аталған пәндерді оқыта­тын кадрлар сапасының төменгі деңгейде болуына, меніңше, тестілік жолмен білім беру жүйесі кесірін тигізуде. Мектепте де, жоғары оқу орындарында да білімді бағалаудың тестілік түрі сөйлей алмайтын «мақаулар» қатарын молайтып келеді. Бұдан бас тартуымыз қажет. Тестілік жолмен білімді бағалау қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытуда мемлекеттік тілдің құнын түсіреді. Шәкірт дұрыс сөйлей алмайтын болса, оны формальды түрде сыныптан сыныпқа көшіре беру де республика мектептерінің ауруына айналды. Мемлекеттік мәні бар мұндай маңызды мәселеге көзжұмбаймен қарауға болмас. Екіншіден, қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтары мен оқу құралдарын шығару ісін нақты қолға алатын кез келді. Қазіргі оқулықтар шығаратын мекемелер өз жұмысын дұрыс атқара алмай отыр. Сондықтан сала министрлігі бұл мекемелердегі қызметкерлер құрамын жыл сайын тәжірибелі ұстаздармен толықтырып, арнайы комиссия құру арқылы қолжазбаларды сараптамадан өткізіп, нәтижесін баспасөзде жариялап отыруы қажет. Сондай-ақ мұғалім сабағында үнемі басшылыққа алып оты­ратын оқу-әдістемелік материалдарды көптеп шығармайынша, оқыту сапасын жетілдіре алмаймыз. Үшіншіден, оқулықтар мен оқу құ­ралдарына, хрестоматияларға авторлар­дың кез келген мәтінді тықпалауына жол бермей, сараптамадан өткен, басылым көрген танымал дүниелерді пайдаланған жөн. Әрбір мәтін әдеби тіл мәдениеті талаптарына жауап беретін деңгейде болғаны абзал. Қай пән болса да, мәтін шәкірттердің жас ерекшеліктеріне сай болуы – дидактикалық қағидаттардың бірі. Төртіншіден, тіл білімі құрылымы қашаннан ең әуелі сөйлеу дыбыстарынан – фонетикадан басталатыны белгілі. Қазір 5-сыныптан бастап, лексика, содан кейін фонетика, морфология, синтаксис, сөйлеу мәдениеті мен шешендік сөз салалары оқулықтарда қамтылған. Міне, осы мәселелер төңірегінде қайтадан ойлану керек сияқты. Оқулықтардағы тапсырмалар көбінесе репродуктивтік қайталауға ғана негізделіп, кешенді сатылы талдау технологиясы үлгілері берілмеген және мұның өзі материалды үстірт түрде ғана игеруге жол береді. Шәкірттерді ойлауға жетелейтін проблемалық іздену сұрақ-сауалдары кездеспейді. Мұның өзі оқу сапасына нұқсан келтіруде. Оқулық пен оқу құралдарына, әдебиет хрестоматияларына байланысты айтарымыз да жоғарыдағыдай. Бесіншіден, бүгінгі таңда көркем шығармалар /поэзия, проза, драматургия/ өте аз көлемде басылым көреді және олар кітап дүкендеріне түспейді, оны тауып оқуға мүмкіндік жоқ. Жарық көріп жатқан көптеген айтулы, жақсы дүниелерді оқушылар түгіл, үлкендер де таба алмайды. Сонда жас ұрпаққа не айтамыз?! Бұрынғы бағдарламада бар шығармалардың көпшілігі бүгінгі күн талаптарына жауап бере алмайтынын ескерсек, мемлекеттік идеологиямыз қалай өркен жаймақ?! Мұның барлығы – аз таралыммен кітап шығарудың кесірі. Сол себепті де қазіргі жас ұрпақ дүбәра болмай, кім дүбәра болады!? Тығырықтан шығар жол – Білім және ғылым министрлігі жаңадан басылым көрген үлгілі туындылардың мазмұны мен үзіндісін әр сыныпқа сай даярлап, оны оқушылар санына, сыныбына қарай ықшамдап шығарғаны жөн. Және мұны баспасөзде арнайы жариялап, ұстаздардың қаперіне салып, үзінділерді шәкірттерге жеткізуіміз тиіс. Қазір лайықты шығармалардың оқу­шылардың қолына түспейтіндігі – әлеу­меттік өміріміздің ең бір көлеңкелі жағы. Бұл жөнінде баспасөз беттерінде ұсыныс-пікірлер айтудай-ақ айтылуда. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бұл мәселелерді дер кезінде шешпесек, өз тілімізден, ұлттық мәдениетімізден жұрдай боларымыз сөзсіз. Бәзілжан Асылжанұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алматы

3808 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8288

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6790

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4540

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3921

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3888

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3848

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3576

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3576

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы