• Тіл
  • 27 Тамыз, 2020

Телеарналар мемлекеттік тілге ден қоймақ

Жуырда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Президентінің телерадиокешеніне берген сұхбатында жаңа маусымда телеарналарда қандай өзгеріс болатынын айтты. Министрдің айтуынша, мемлекеттік телеарналарда сериалдар мен ойын-сауық мазмұнындағы бағдарламалар азайып, олардың орнына қазақстандықтарға мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы көрсетілмек.

Енді телеарнадан отандық өнім көбірек көрсетілетін болады. Елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін, мемлекеттік органдардың қызметін, ­сонымен қатар мемлекеттік бағдарла­малар мен бастамалардың іске асырылуы көрсетілетін бағдарламалар көбеймек. Министр бұған дейін айтылып жүрген мемлекеттік телеар­налардың жұмысына қатысты көптеген ұсыныс пен сын-пікірлердің ескерілгенін атап өтті.
«Азаматтардан арналарда ойын-сауық пен сериалдардың көп көр­сетілетіні жайлы көптеген шағым түсті. Осыған байланысты жаңа мау­сымнан бастап шетелдік ойын-сауық мазмұнды бағдарламалар мен сериалдарды ­сатып алуды 30%-ға қысқартамыз деген шешім қа­былданды. Алайда түрік сериалдарын түгелдей алып тастауға болмайды. Бір аудиторияның қамын ойлап, екінші аудиторияны елеусіз қалдыра алмаймыз. Бір аудитория оны қалап, күтіп отырады. Апаларымыз әр сериал кейіпкерінің тілеуін тілеп отырады. ­Солармен бірге қуанып, бірге мұңаяды. Ол аудиторияның мүддесін таптай ­алмаймыз» деді Аида Балаева.
Дегенмен, осыдан кейін мемле­кеттік телеарналарда жаңа ­маусымда түрік сериалдары әдеттегіден аз көрсетіліп, отандық өнім көбірек көрсетілетін ­болады. Елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін, мемлекеттік органдардың қызметін, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалардың іске асырылуы көрсетілетін бағдарламалар көбейеді деп күтіліп отыр. Отандық ­сериалдар мен деректі фильмдерді экранға шығару мақсатында «Қазақфильмнің» негізгі серіктесі болу да министрліктің жоспарында бар.
«Қазір мемлекеттік бағдарлама­ларды кеңірек жария етуге, талдау материалдарын көбірек жасауға бағытталған нақты пікірлер бар. Бұл мемлекет саясатын кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Белгілі бір бағдарламаларға немесе бастамаларға қатысты сараптамалық пікір әрқашан маңызды. Келесі жылдан бастап жаңа форматта жұмыс істейміз» деді Балаева.
Сонымен қатар министр «әл-Фараби» телеарнасының ашылмау себебі мен бірнеше телеарнаның өзгерістері туралы да баяндады. Айтуынша, пандемияның экономикалық жағдайға әсер етуіне байланысты, «әл-Фараби» телеарнасын іске қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін екі жаңа арнаның іске қо­сылатыны хабарланған болатын. Аида Балаева қазір қолданыстағы арналардың мазмұнын жақсарту туралы шешім қабылданғанын жеткізді. Нақты айтқанда, «Еларна» мәдени-білім арнасы ретінде жұмыс істесе, Kazakh TV арнасына ребрендинг жасалады.
Қазіргі таңда Ақпарат және қоғам­дық даму министрінің тапсырмасымен қарастырылып жатқан бас­тамалар бар. Мәселен – еліміздің кабельдік операторлары арқылы тарайтын шетелдік телеарналарды қазақ тіліне аудару. Әрине, кез келген елдің ертеңі – бала тілінде. Сондықтан бұл жұмысты шетелдік танымал ­мультфильм арналарынан бастау ­керек деген ұсыныс бар. Нәтижесінде «Балапан» телеарнасының өнімдері кеңейтіледі.
«Біз Nickelodeon, TiJi, Disney сияқты танымал анимациялық контентті қазақ тіліне аудару туралы шешім қабылдадық. Бұл біздің балаларымызға мемлекеттік тіл­де сөйлеуге мүмкіндік береді. Бұл жұ­мыс­ты күзде бастаймыз» деді Аида Балаева.
Бұл бастамалар қоғамдық талқы­лаудан өтіп, тиісті мамандардың, сарап­шылардың, зиялы қауымның, ата-аналардың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан дүниелер. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үшін ең бірінші міндет – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тиімділігі. Бұл бағытта министрліктің барлық мүмкіндігі бар. Осындай жұмыстардың нәтижесінде ғана «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда жаңа серпін байқалмақ.

Ақбота ҚУАТОВА

39837 рет

көрсетілді

20098

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8492

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6903

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4650

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4035

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4001

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3959

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3690

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3690

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы