• Тіл
  • 21 Маусым, 2012

Жадырап жаз келгенде...

Азаматтық күнтізбе бойынша алтыншы ай – маусым. Маусым айында көшпенді жұрт жайлауға көш түзеген. Мыңғырған малды алыс жайылымға бытыратпай-шашыратпай алып жүру үшін алдын ала қам-қарекет жасалған. Киіз үйлерін түйеге артып, малын алдына салып, сән-салтанаты мен әзіл-қалжыңы жарасып, ұзақ жолға шыққан. Көштің осындай сәнін Базар жырау былай деп жырға қосады: «Елдің сәні келеді, Өрісі жайылым кең болса. Екі жағы малға жай, Жайлауы шалқар көл болса». Көшке ілескен жұртқа кезіккен жан «көш көлікті болсын!», «жайлауың байсалды болсын, айғырың байталды болсын!» деген секілді тілек білдіреді. Жаз мезгілінің күшіне мініп, күннің қызуына, дала шөбінің мал аяғымен тапталып, көкті еңсеруіне қарай тілімізде жайлаудың қан жайлау, кер жайлау және сары жайлау деген атаулары қолданылған. Жаз жайылымның нағыз қызулы шағын қан жайлау десе, адам аяғы көп баса бермейтін, алыстағы шөбі шүйгін жайлауды кер жайлау, жаз ортасынан ауып, шөп аяғы басылған кезді сары жайлау деп атаған. Маусым айында мына амалдар кездеседі: Үркердің батуы. Кейде мұны «үркердің жерге түсуі» дейді. Маусым айының басында үркер мүлде көрінбей кетеді. «Үркердің батуы» деп осыны айтады. Содан кейін 40 күн шілде басталады. «Үркер жерге түспей жер қызбайды» деген сөз осыдан қалған. Қырық күн шілде. Маусымның соңғы онкүндігі мен тамыздың басына дейінгі аралықта 40 күнге созылатын ыстық басталады. Осы аптапты күндерге орай халық арасында «қырық күн шілде» деп аталатын халықтық күнтізбелік атау пайда болған.

3989 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7392

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6294

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4041

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3427

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3385

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3353

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3082

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3071

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы