• Тұлға
  • 02 Маусым, 2010

Ұмыт болған ұстаз

Ұлы Отан соғысы аяқталған жылдары халықтың жағдайы өте ауыр болғанын тарихтан білеміз. Соғыстың қалдырған ауыр зардабынан елдің тұрмысы нашарлап, өмір сүру қиынға соқты. Сондай ауыр кезеңде спорт ойындары жалғасын үзбей, адамдар салауатты өмір салты арқылы рухани күш алды. Әсіресе, ел арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар қызу өтіп, жұрттың еңсесі көтеріле бастады. Спортқұмар халық сол жылдары ұлттық спорттың ережелері топтастырылған кітапшаларға әбден зәру еді.

Міне, осындай сындарлы кезеңде Мұзафар Ра­қымқұлов «Халықтық-ұлттық спорт түрлері және жарыс өткізу ережелері» атты кітабын оқырманға ұсынды. Арада бір жыл өткеннен кейін «Спорттық терминдердің қазақша-орысша аудармасы» жарық көрсе, 1957 жылы «Қазақша күрес, тоғызқұмалақ» атты оқу құралдары кітапхана сөрелеріне түсе бастады. Оның қазақ күресі туралы жазған оқу құралы бекзада өнердің бағын ашты деуге болады. Жалпы, спорттық терминдерді әлі күнге толық қазақыландыра алмай келеміз. Дегенмен мұзбалақ Мұзафар аға салған сүрлеу спортты қазақша сөйлетудің алғышарттары еді. Ардақты азаматтың басшылығымен сол жылдары Кеңес Одағында дене тәрбиесі бойынша оқу-әдістемелік құжаттар шығарылды. Мысалы, 1961 жылы Кеңес Одағы көлемінде жоғары оқу орындарына арналған дене тәрбиесінің бағдарламасы жарық көреді. Мұзафар Рақымқұлов 1945 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында сту­денттерді жаттықтыра бастады. Ол қазақ қыздарына ғылыми тұрғыда спорт түрлерінен дәріс берді. Өмірдегі бар жинаған тәжірибесін қаракөз қазақ қыздарына үйретуге құштар жан таңның атысынан күннің батысына дейінгі уақытын оқу-жаттығу залында өткізеді. Мұзафар аға Қыздар институтынан дене тәрбиесі кафедрасын ашуға ықпал етті. Ол кафедра басқарған жылдары спорттық гимнастика, шахмат, қыз қуу, семсерлесу, волейбол, баскетбол, велоспорт, қол добы, т.б спорт түрлерінен мамандықтар ашып, жас арулардың бойындағы спортқа деген құмарлықты оятады. Кафедра атынан республикалық жарыстарға сту­денттерді дайындап, бірталай шәкірттері Қазақстан чемпионы атанады. Мәселен,1952 жылы ат спортынан Қазақ КСР чемпионы атағын М.Рымбаева жеңіп алса, 1954 жылы студент-жастар арасында нысана көздеуден К.Жұмалиева алдына жан салмаған. Сонымен қатар сонау 1960-1970 жылдары жорға жарыстан ат үстінде асқан өнерімен Қазақстан чемпионы атанған Райхан Әбілақатова мен баскетболдан бірінші болып қыздар арасынан спорт шебері атанған Ольга Апатаевалардың жаттықтырушысы Мұзафар Ра­хымқұловтың болғанын бүгін біреу білсе, біреу білмес. Мұзағаңмен бір кафедрада қызмет істеген, спорттық гимнастика пәнінен сабақ берген, бүгінде жасы 82-ге келген ардагер ұстаз Надежда Войнова тәлімгер туралы былай дейді: – Мұзафар адам жанын айтқызбай түсінетін психолог, керемет ұйымдастырушы болатын. Ал домбыра тартып, ән салғанда айналаны өзіне баурап алатын. Әнді нақышына келтіріп, төгілте салғанда, тыңдаушылар бір жалықпайтын. Осындай ерекшеліктерімен қатар Мұзафардың саятшылық қыры да көркем еді. Өмірге құштарлығы зор еді. Біз жанұямызбен бірге араластық. Жары Ғалия көпшіл, қонақжай адам-тұғын. Мұзафар мен Ғалиядан Ләззат, Зада, Серік, Радик есімді ұл мен қыз ерді. Мұзафар Рақымқұлов Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының базасында республикалық баскетбол құрама командасын жинақтайды. Талантты шәкірттерінің кейбірі сол жылдардағы аты әлемге жа­йылған «Буревестник» командасының құрамына еніп, КСРО кубогі үшін өтетін жарыстарда тартысты ойын көрсетеді. Қазақ спортының ертеңі үшін бар ғұмырын сарп еткен ағалардың арасында Мұзафар Рақымқұловтың алар орны ерекше екенін жас ұрпақ естен шығармаса дейміз. Қазақта «Қаланған кірпіші кәдеге асқан – қағылған шегесі орнын тапқаны. Жігіттің халыққа жаққаны – шырақ жаққаны» деген қанатты сөз бар. Ел спортының ертеңі үшін қалаған кірпіші, қағылған шегесі, жаққан шырағы халық есінде сақталып, білімпаз жастарымыздың бойынан табылып жатса, ағамыздың арманы орындалғаны еді. Мұзафар Рақымқұловтың дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты, ұлттық спортты дамыту жолында жазып қалдырған ғылыми еңбектері қайта баспадан шығып жатса, студенттер мен спортқұмар жастар үшін ғибраты мол, тәлімі зор дүние болмақ еді-ау... Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ

3725 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7358

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6276

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4023

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3409

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3367

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3336

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3063

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3053

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы