• Тұлға
  • 12 Сәуір, 2012

Жақсы істің басы-қасында...

Cексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында ана тіліміздің келешек тағдыры үшін күрес ширай түсті. 1989 жылы Алматыда республикалық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы өтіп, соған облыстық, аудандық ұйымдар төрағалары қатыстық. Қазір арамызда жоқ Зашит Жылгелдин ағамыз Алға ауданында халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, әрі «Қазақ тілі» қоғамына жетекшілік ететін. Әңгімені тігісін жатқызып айтатын. Облыс орталығына іргелес осы аудан мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен шұғылданады, даңқы Кеңес Одағына мәлім қуатты химия комбинаты осында. 1941 жылдан бергі уақытта ауданның бірінші басшылығында қазақ ұлтынан ешкім болмаған. Содан да, екінші жағынан, қара топырақты, шаруаға жайлы өңірге өзге ұлт өкілдері жиі шоғырланып, орыс тілі әбден үстемдік алған. Марқұм Зашит ағам сол құрылтайда: – Өз тілімізге кең­дік беру оңайға түсіп тұрған жоқ. Мен болсам аудандық мекемені басқаратындықтан, бас­шылардың көңіліне көбірек қараймын. Абыр­ой болған­да қасым­­­­­­да­­ғы тіке­лей жәр­­дем­­ші­­лерім – хатшы Мақсот Есенжолов пен қоғамдық негіздегі орынбасарым Бердібай Кемал табандылықпен талай кедергілерді жеңіп келеді, – деді ол. Бердібайды айт­қанда елең еттім. Себебі, бұл азаматты бала кезінен білетінмін. Мектепте оқып жүргенде-ақ аудандық газетке хабарлары, шағын мақалалары жарияланып тұрды. Орта мектепті бітірген соң жеті баламен жас­тай жесір қалған анасы Бибатпаға сүйеніш болуды ойлап, кеңшарда трак­торшы болды. Кейін ғана Алматыдағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тамамдаған соң жолдамамен Алға аудан­дық «Жұлдыз-Звезда» газетіне жұмысқа тұрды. – Жас елуге келді, аға. Кешегі күндерді ойласам, Алға маған даңғыл жол ашқан екен.Тілімізді, тағылымы зор ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау жолында тынбай шапқыладық. Нәтижесін қазір көріп отырмыз, – деген-ді ол, таяу күндердегі бір әңгімесінде. Шынында 1991-1992 жылдары аудан орталығында бірде-бір қазақ мектебі болмаған. Жалғыз аралас тілді мектепте қазақ сыныптары саусақпен санарлықтай. Ең алдымен осы мектепті бірыңғай қазақшаға айналдыру көзделді. «Қазақ тілі» қоғамы аудандық ұйымының бірнеше басшысы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Алексей Якимовке кіреді. Шаруаны тыңдаған соң ол: – Жақсы, мектепті ашайық, бірақ кім баласын ықылас танытып, қазақ мектебіне бере қояр дейсің? – дейді. Мына сөзді естіген соң жігіттер жұ­мысшы тобын құрады да ыждағаттап, үй-үйді жағалайды, балалардың тізімін алып, ата-ананың баласын өз ықтиярымен қазақша оқытатыны жайында қолын қойдырады. Сөйтіп, бес жүз баланың аты-жөні, мекен-жайы жазылған тізімнің бір данасы аупарткомға тап­сы­рылады. Мұның ал­дында іс басындағы азаматтардың аудан бас­шы­сына жазған ашық­хаты «Жұлдыз-Звез­да» газетіне жария­ланғаны да оңды болды. Жігіттердің та­бан­­ды­лы­ғының ар­қа­­сын­да қазақ мектебі ашылды. Сөйтсе, мына қырсықты қараңыз: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен дәріс бере­тін мұғалім жоқ. Зашит ағасы Бердібайға қолқа салды. Аудандық газетте жауапты хат­шының орынбасары боп қызмет ететін ол: «Арнайы педагогикалық білімім жоқ, қалай сабақ беремін?» дейді. Басшы: – Сонда өзіміз ашқан мектепті қайта жауып тастаймыз ба? Басқаларға да керегі осы емес пе? – деген уәж айтады. Лажсыздан бір ай жұмыс істеуге келісім беріп, ақыры тұтас оқу жылы бойына шә­кірттерге қазақ тілінен дәріс беріп шықты. Алғаш рет ақын Кердері Әбубәкірдің туғанына 130 жыл толуына арналған тойдың, «Коммунист» ұжымшары ізіндегі селолық округке ақынның, Қарағаш ауылындағы орта мектепке Ахмет Байтұрсыновтың есімдерін берудің басы-қасында жүргенін Бердібай тебіреніспен еске алады. Ол кейін Ақтөбе қаласы әкімдігі аппаратында, облыстық ішкі саясат департаментінде, республикалық «Егемен Қазақстан», облыстық «Ақтөбе» газеттерінде жұмыс істеп жүргенде мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биіктету мәселесін жадынан шығарған емес. Қазір тәуелсіз «Керек-Инфо» газетінің мазмұнын байытып, ажарын ашуға тікелей қатысып жүр. «Шығыстың қос шынары» атанған батыр апаларымыздың бірі Мәншүк Мәметованы ұлықтаудағы олқылықтар жайында ой қозғаған мақаласы оқырман жүрегіне жол тапты. Бердібай шығармашылығының көзге түскен бір қыры – сықақ әңгімелер жазуға икемділігі. 2001 жылы Алматыдағы «Зерде» баспасынан басылып шыққан «Келіспеген кесте» кітабы – соған дәлел. Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ Ақтөбе

3561 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7366

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6279

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4026

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3412

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3370

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3339

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3067

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3057

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы